Астана, 19 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтында хабарланды.
Фото авторы: Ж.Жұмабеков
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 20 маусымда сағат 15.00-де Астана қаласында шақырылсын», деп жазылған Өкім мәтінінде.