16.03.2022, 11:10
Оқылды: 38

Партияны тіркеу үдерісі айтарлықтай жеңілдейді

Қазақстанда партияларды тіркеу айтарлықтай жеңілдейтін болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220316115427096e

«Партияларды тіркеу үдерісі айтарлықтай жеңілдейтін болады. Бұл ретте партиялар үшін қарастырылған тіркеу шегін төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Ал өңірлердегі өкілдердің саны үш есеге төмендеп – 600-ден 200 адамға дейін азайтылады. Партияны құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны 1000 адамнан 700-ге дейін азайтылады», - деді Мемлекет басшысы.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале