БАҚ өкілі ел бойынша пәтерақының қымббаттап жатқанын еске салып, тұрғын үй жалдау субсидиясының мөлшерін қайта қарау керек шығар деген сұрақ қойды.
«Тарифтер ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен бекітіледі. Олар әр аймақта әр түрлі. Арнайы кесте бар. Менің ойымша, біз бастан өткеріп жатқан пәтерақының өсу құбылысын кем дегенде бір жарым ай бойы бақылау керек. Бұл уақытша құбылыс деп ойлаймын. Кейін бәрі бұрынғы деңгейге оралады», -деді Ляззат Ибрагимова.
Сондай-ақ ол баспана жалға берушілердің субсидяи алатын санатпен баспана жалдау шартын ресми жасасудан бас тартуы жиі кездесетінін айтты. Соның салдарынан субсидия алуға құқық азаматтардың көбі бұл мүмкіндікті пайдалануға құлықсыз көрінеді.
«Біз өз платформамызда тұрғын үй жалдау субсидиясын алуға құқығы бар төрт санатты белгіледік. Олар бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жетім балалар, көп балалы отбасылар және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар. Олардың саны өте көп. 61 мың жетім бала, 21,4 мың мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы, 51 мың мүгедектігі бар ересек адам, 91 мың көпбалалы отбасы бар. Бірақ тек 25 мыңға жуық өтініш түсті. Оның 8 мыңға жуығын мақұлдадық», - деді банк басшысы.