7.09.2023, 16:45
Оқылды: 51

Патриоттық танытқан азаматтарды наградтайтын жаңа медаль бекітілді

Патриоттық танытқан және белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленген қазақстандықтарды наградтауға арналған «Ел үміті медалі» енді 14-тен 35 жасқа дейінгі азаматтарға беріледі. Оқу-ағарту министрі тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

BF5C5583-F67B-47BE-B28A-0840BD354ABE

«Ел үміті медалі» – патриоттық танытқан және белсенді азаматтық ұстанымы үшін берілетін ерекшелік белгісі. «Ел үміті медалі» ерекшелік белгісін алуға 14 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастар ұсынылады», - деп жазылған министр Ғани Бейсембаев қол қойған бұйрықта.

Еске салайық, бұған дейін бұл награда «Елбасы медалі» деп аталған. Сонымен қатар оған тек 29 жасқа толмаған қазақстандықтар ұсынылатын. Енді «Ел үміті медалін» Оқу-ағарту министрлігі табыстамақ.

Қоса кетсек, биылдан бастап «Дарын» және Президенттік әдеби сыйлыққа 35 жасқа дейінгі азаматтар өтініш бере алады.

Еске салайық, былтыр 8 желтоқсанда Сенат 35 жасқа дейінгілерді «жастар» санатына енгізу туралы заң жобасын мақұлдаған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале