БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыс прокуратурасы үйлестіруімен Орал қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командиріне қатысты пара алу қылмысы әшкереленіп, қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде.
Бұл туралы БҚО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Суреттің дереккөзі: aikyn.kz
Полиция қызметкері РФ аумағынан астық әкелінген жүк көліктерін Орал қаласының аумағында артық салмақпен кедергісіз жүріп-тұрғаны және одан әрі жалпы қамқорлығы үшін «Т.» азаматынан 110 000 теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.
Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.
zhaikpress.kz