27.08.2022, 14:45
Оқылды: 48

Павлодар облысында шенеунік пен екі ауыл әкімі жауапқа тартылды

Павлодар облысындағы әдеп жөніндегі кеңес Тереңкөл ауданында атқарылған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойған екі ауыл әкімін, сондай-ақ ауданның экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысын жауапқа тартты.

6309a0913692c917964126

Басылымның хабарлауынша, Павлодарда өткен әдеп жөніндегі кеңес отырысында Шарбақты аудандық экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы Равиль Гумаровтың ісі қаралған."

Есілбай ауылындағы клубтың құрылысына былтыр 130 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Мердігер мекеме жұмысты уақытында әрі талапқа сай орындамаса да, ақысы төленген", - деп жазады басылым.

Осыдан кейін Тереңкөл ауданының екі ауыл әкімі - Бобровский ауылдық округінің әкімі Руслан Умаров пен Жағалау ауылдық округінің басшысы Ренат Құланбаев жауапқа тартылған.

Олардың елдімекен ішіндегі жолдарды орташа жөндеу бойынша атқарылған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны, бірақ жұмыстың өзі аяқталмағаны анықталған.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале