16.05.2022, 11:30
Оқылды: 38

Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

IMG-20220516-WA0032

Қайғылы оқиға Толстой көшесі, 90 мекенжайындағы тұрғын үйде болған. Қыз тоғызыншы қабаттан дүкеннің күнқағарына құлаған.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға кататравма, ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, травматикалық шок диагнозы қойылған.

"Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол инотропты қолдау және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп хабарлады басқармада.

Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале