Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы - 2023» байқауы басталады.
Айта кетейік, байқаудың мақсаты пән аралық негізде білім алушылардың ерте, функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара іс-қимылының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын жалпылау және танымал ету.
Өтінімдер 10 қазанға дейін қабылданады. Республикалық конкурсқа жеке немесе үш адамнан аспайтын авторлық топпен қатысуға болады. Сондай-ақ, педагогтер бейне түріндегі авторлық жұмысын 12 бағыттың бірі бойынша ұсына алады.
Байқауға
-мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогтері үшін ерте сауаттылық;
-оқу сауаттылығы;
-математикалық сауаттылық;
-жаратылыстану-ғылыми сауаттылық;
-цифрлық сауаттылық;
-медиа-ақпараттық сауаттылық;
-қаржылық сауаттылық;
-экологиялық сауаттылық;
-денсаулық сақтау сауаттылығы;
-әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық;
-мәдениетаралық сауаттылық;
-азаматтық-құқықтық сауаттылық бағыттары бойынша бейнематериалдар жібере алады.
Педагогтар сабақ, дәріс, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс т.б. жұмыстарын қазақ, орыс және ағылшын тілінде ұсына алады.
Байқау туралы толық ақпарат алу үшін Өрлеудің сайтына өтіп, https://ppi.orleu-edu.kz/?page_id=21414&lang=kk сілтемеге өтіп ережемен танысуға және өтінім қалдыруға болады.
Толқын Габдушева,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалының PR, SMM
бас маманы