16.10.2023, 12:45
Оқылды: 66

Педагогтерді аттестациядан өткізудің жаңа ережелері талқыланды

Оқу-ағарту министрлігі Педагогтерді аттестатциядан өткізу ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында Астана қаласындағы педагогтер мен әдістемелік орталықтар қызметкерлерімен кездесу өткізді.

IMG-20231013-WA0136
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, ережені талқылауға орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері  қатысты.
Мұнда мұғалімдерге Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасында аттестатциядан өтудің егжей-тегжейлі алгоритмі ұсынылды, тест сұрақтарының мазмұны қарастырылды, педагог-зерттеушілер мен педагог-шеберлердің жұмыс тәжірибесін тарату тәртібі түсіндірілді.

Әдістемелік кабинеттер мен орталықтардың әдіскерлерін аттестаттау бойынша да бөлек түсіндіру болды.

Айта кету керек, педагогтерді аттестатациядан өткізудеің жаңа ережелері келесі аптада «Ашық НҚА» порталында танысу үшін қолжетімді болады. Түсіндіру жұмыстары еліміздің барлық аймақта жүргізіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале