10.12.2021, 13:00
Оқылды: 29

Пелеге ота жасалды

Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы, 81 жастағы Пеле қайтадан ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN Brasil арнасына сілтеме жасап.

211208232844324e

Басылымның хабарлауынша, 8 желтоқсанда Пеле тоқ ішек ісігінің емделуін жалғастыру үшін Сан-Паулудағы Альберт Эйнштейн атындағы ауруханаға жатқызылған. Дереккөздің айтуынша, Пеленің жағдайы тұрақты, жақын арада ол ауруханадан шығуы керек. Атақты футболшыға осы жылдың қыркүйек айында диагноз қойылған. Ісікті алып тастау үшін оған ота жасалып, химиотерапия курсынан өтті. Пеленің өзі де жұртшылықпен байланыста болуға тырысады, әлеуметтік желілерге де байланысқа шығады. Тіпті жанкүйерлері үшін аурухана бөлмесінен гитарамен ән де шырқады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале