Бәйтерек ауданы Переметный ауылының жастары бастама көтеріп, аудан орталығы мен оған қарасты елді мекендердегі аз қамтылған, көмекке мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті.
Жастардың бастамасы ел ішінде де үлкен қолдауға ие болып, мүмкіндігі бар переметныйлық ағайын садақаға ақша жинау ісіне белсенді кірісті.
Ауыл халқы бірнеше күн ішінде 800 мыңнан астам қаражат жинаған. Оның жартысына ірі қара, қалған ақшаға азық-түлік алды.
Бастамашы топ игі істің басы-қасында жүріп, алынған азық-түлік пен мал етінің тең бөлуін қадағалады.
Осылайша Переметный мен оған қарасты елді мекенде тұратын мұқтаж азаматтарға тегін таратқан жастардың бастамасына ел разы болды.
Түгелбай Бисен