Соттың санкциясымен Перизат Қайраттың үйлері мен мүлкіне шектеу қойылды. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

Сурет Перизат Қайраттың әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды
Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» (тұрақ орындарын қоса алғанда), «Sensata Plaza» ТК, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері шектеу қойылды.
Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленді.
Тәркіленген мүліктер заттай айғақ ретінде іс материалдарына қосылды.
Перизат Қайрат қайырымдылыққа жиналған 1,7 млрд теңгені жымқырды деп күдікке ілініп отыр.