30.05.2022, 17:15
Оқылды: 31

Петропавлда 17 жастағы қыз 12 қабаттан құлап, мерт болды

Петропавлда 17 жастағы бойжеткен көп қабатты үйдің 12 қабатынан құлап мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

05

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Петропавлда 30 мамыр сағат таңғы 5.00 шамасында болған. Полицияға облыс орталығындағы Жамбыл көшесі бойындағы үйдің 12 қабатынан қыздың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. 17 жасар бойжеткен оқиға орнында қаза тапты.

«Петропавлда 17 жастағы қала тұрғынының суицид жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу аясында анықталатын болады», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін Есіл ауданы Покровка елді мекенінің тұрғынын құтқарушылар іздеп жатқанын айтқан едік. Төрт күннен бері табылмай жатқан ер адам Есіл өзеніне батып кетуі мүмкін. Алдын ала ақпарат бойынша, ол қайықпен өзенге шығып, кейін құлап кеткен.

Ал «Челябі-Новосібір» автожолының 498-ші шақырымында, Мамлют ауданының Покровка ауылы маңында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты. Ресейлік 50 жастағы азаматтың «Mitsubishi Canter» көлігіне бір бағытта келе жатқан «Honda» скутері соғылған. Скутер жүргізушісі – аудан орталығы Мамлютканың 38 жастағы тұрғыны алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале