15.03.2021, 21:55
Оқылды: 37

«Пирамиданың» пәлесі

БҚО экономикалық тергеу департаменті WhatsApp мессенджерінде «SWEET MONEY» деп аталатын қаржы пирамидасын (ҚР Қылмыстық кодексінің  217-бабы) ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Бұл қаржылық айла-шарғыға 70-тен астам адам тартылған. «Бестің басы болғанша, алтының аяғы бол» деген сыңаймен қаржылық құрдымға ілескендер жер сипап қалғанға ұқсайды. Экономикалық тергеу департаменті алаяқтық жолмен қаражат иелену дерегін де тіркеді. 

пир

«Kaspi Gold» банктік карточкаларына ақшалай салымдар салу арқылы жобаға кірген салымшылар шарт бойынша қаражат аударған сәттен бастап алты күн ішінде салым сомасының 50-70%-ын алуы тиіс. Пирамида құрылымына сәйкес қаражат салымшыларға жобаға жаңа қатысып жатқандар салған қаражат есебінен бөлінеді. «Пирамиданың басты міндеті – жаңа қатысушыларды тарту. Әдетте, пирамиданың негізін қалаушы қомақты қаражат жинап, төлемдерді тоқтатады да, барлық ақшаны сіңі­ріп алып, ізім-қайым жоғалады. Егер сіз «SWEET MONEY» зергерлік салонының осындай әрекеттерінің құрбаны болсаңыз, облыстық экономикалық тергеу департаментіне +7 (7112) 53-84-27 сенім телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз» делінген экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі жолдаған ақпаратта.

 

Еркін Жұмабек,

zhaikpress.kz

Сурет сайтынан Baribar.kz. сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале