Фейерверк бұйымдарының негізін пиротехникалық құрамдар жанғыш заттар мен тотықтырғыштардың қоспалары құрайды. Сондықтан фейерверктер отқа қауіпті бұйым болып табылады және олармен жұмыс істеу кезінде ерекше сақтық талап етіледі.
Осыған орай жуырда департамент қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды. Жасыратыны жоқ, тексеру барысында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату бойынша бұзушылықтар анықталды. Жалпы, оқыс оқиғаның көбі пиротехниканы пайдалану ережелерін бұзу немесе сертификаттау сынақтарынан өтпеген сапасыз өнімді пайдалану салдарынан болады.
Пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйым салынады:
- үй-жайларда, ғимараттарда, құрылыстарда, сондай-ақ шатырларда, балкондарда және лоджияларда;
- жарылыс қаупі бар нысандар аумақтарында, электр желілері жанында;
- концерттік және салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде сахна алаңдарында;
- мәдени мұра нысандары, қорықтар мен ұлттық парктердің аумақтарында;
- пайдалану жөніндегі нұсқаулықсыз және сәйкестік сертификатынсыз (сәйкестік туралы декларациясыз не сәйкестік белгісінсіз) жарамдылық мерзімі өткен, бүліну іздері бар бұйымдарды қолдануға жол берілмейді.
Осы қарапайым ережелерді сақтау Жаңа жыл мен Рождество мерекелерінде түрлі қауіптіліктің алдын алуға көмектеседі деп сенеміз.
БҚО ТЖД МӨББ