29.07.2022, 11:45
Оқылды: 162

Пияздың орташа бағасы 191 теңге

«Пияздың жоғары шығымдылығына қарамастан, оның ішкі нарықтағы құны өте жоғары. Жыл басынан бері пияздың бағасы 109%-ға өсті (екі еседен астам), бұл соңғы төрт жылдағы ең жоғары өсім. Сонымен қатар оның апта сайын орташа есеппен 2-3%-ға өсуі байқалады», - деді министрліктің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.

2022_07_29_62e0b43cb5eeb752688177

Сурет: egemen.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қазір республика бойынша пияздың орташа бағасы 191 теңгені құрайды, бұл ретте Алматы облысында ең жоғары баға 308 теңге мөлшерінде тіркелді, деп жазады egemen.kz.

- Қазақстандық ішкі нарықтағы пияздың жоғары құны көрші нарықтағы сұраныстың өсуімен және оған жоғары экспорттық бағалардың белгіленуімен байланысты, бұл пиязды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету көлемін арттырды, - деп қосты Әлішер Өмірзақ.

Оның айтуынша, 20 шілдеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары мәселелері жөніндегі кеңесте пиязға баға белгілеу мәселесі қаралды.

- Ауыл шаруашылығы министрлігіне ішкі бағаны қалыптастыру мақсатында ішкі нарықтың осы өніммен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізу, өңірлерге пияз жеткізу және келісімшарт жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ сыртқы сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға пияз әкетуге тыйым салу немесе шектеу енгізудің орындылығы туралы мәселе шығару тапсырылды, деді министрлік өкілі.

Бұл ретте, тауарды бақылаусыз әкету фактілерін болдырмау мақсатында фитосанитариялық рұқсат беруді тоқтата тұру туралы шешім ВАК отырысында осы мәселе қаралғанға дейін қабылданды.

- 22 шілдеде ВАК отырысында және ӘМАТ мәселелері жөніндегі кеңесте ағымдағы кезеңде пияз әкетуге тыйым салуды енгізудің орынсыздығы туралы ұстаным айтылды, өйткені жүргізілген талдау Қазақстанның ішкі нарығында пияз тапшылығының пайда болу қаупі жоқ екенін көрсетті және бүгінгі күні өңірлердің пиязбен қамтамасыз етілуі 34 мың тоннаны құрайды, бұл айлық тұтынудың 132%-ын құрайды. Осыған байланысты фитосанитариялық рұқсаттарды беру қайта жаңғыртылуы тиіс, - деді Әлішер Өмірзақ.

Бұдан басқа, 22 шілдеде ВАК отырысынан кейін өңірлермен селекторлық кеңес барысында АШМ-ге квоталау кезінде фитосанитариялық рұқсаттар мен лицензиялау арқылы әділ бағалар бойынша ішкі нарықты қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен (келісім бойынша) бірлесіп, пиязды фитосанитариялық рұқсаттарсыз әкетуге тыйым салу жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

- АШМ-ге 15 қыркүйекке дейін ӘМАТ санатына жататын көкөніс өнімдерінің ішкі нарығын қамтамасыз ету тәуекелдеріне талдау жүргізу тапсырылды. Бүгінде пияз экспортына тыйым жоқ, - деп түйіндеді министрлік өкілі.

Бұған дейін Сауда министрлігі Қазақстанның кейбір аймақтарында пияздың бағасы 360 теңгеге дейін көтерілгенін хабарлады. Осыған байланысты ВАК отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігіне Сауда комитетімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп бағаның өсу себептерін анықтау тапсырылған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале