16.06.2025, 17:00
Оқылды: 139

"Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы" автожолының учаскесіндегі жол айрығының құрылысына байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді

Биыл республикалық маңызы бар "Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы (Ақсай ө/п)" автомобиль жолының 0-36 шақырым аралығындағы учаскесінде қайта жаңарту жобасы бойынша жұмыстар қарқынды басталды, - деп жазады ҚазАвтоЖол.

e1a06d7b-4948-47dd-9519-eeaf15a4f972

Сурет: telegram.org

Жоба аясында Подстепное елді мекені мен әуежайды айналып өтетін 15 шақырымдық жол учаскесін салу қарастырылған. Аталмыш жолдың 266 шақырымында "Ақтөбе - Орал" автожолымен жанасатын "беде жапырағы" әдісімен көлік айрығын соғу жоспарланған.

Көлік айрығының учаскесінде негізгі жұмыстардың басталуына орай мердігер тарапынан 2025 жылғы 13 маусымнан бастап осы аралықта қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі. Балама айналма жол ұсынылады.

Жол пайдаланушыларға сапарларыңызды алдын ала жоспарлап, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскеде жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале