18.12.2021, 9:19
Оқылды: 51

Пойыз екі сағаттан астам кешігетін болса, жолаушыларға SMS хабарлама келеді

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар үшін SMS-хабарлама сервисін іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211218003104419e
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап пойыздардың екі сағаттан астам кешігуі туралы SMS-хабарландыру жүйесін іске қосылғанын хабарлайды.

Хабарламалар BILET.RAILWAYS.KZ сайтына тіркелген пайдаланушыларға және кассаларда билет сатып алу кезінде өздерінің байланыс деректерін қалдырған жолаушыларға түседі.

«Жолаушылардан жол жүру құжаттарын ресімдеу кезінде өздерінің дұрыс байланыс мәліметтерін көрсетуді және оларды үнемі жаңартып отыруды сұраймыз» делінген «Қазақстан темір жолы» АҚ таратқан мәліметте

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале