22.06.2023, 16:09
Оқылды: 14

Полицейлер 5 жылдан бері іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады

Атырау облысы аумағында заңсыз көші-қон фактілерін анықтау, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді анықтау мақсатында 19-25 маусым аралығында республикалық “Заңсыз келуші – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп жазады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі. 

60efbafb-cb53-4e49-9812-0a8309be7796

Іс-шара барысында Атырау қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 2018 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтаған. Аталған шетел азаматы 2023 жылдың 3 маусымында Қазақстан шекарасына өтіп, жұмысқа орналасу үшін құжат тапсыруға Атырау қалалық көші-қон қызмет бөліміне келген.

Кейін полиция қызметкерлері шетел азаматының жеке басын жан-жақты тексеру барысында аталған тұлғаның халықаралық іздеуде жүрген күдікті екендігі анықталған. Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 322-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасап, 2018 жылдан бері іздеуде жүрген.

Аталған факті бойынша қылмыскер ұсталып, криминалдық полиция басқармасына тапсырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале