БҚО ПД ЖПҚБ қызметкерлері Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасымен, кадр саясаты басқармасымен Жедел-басқару орталығымен және кинологиялық қызмет орталығымен бірге жазғы демалыста жүрген балалар үшін экскурсия өткізді.
Экскурсия жазғы сауықтыру маусымы кезінде кәмелетке толмағандармен ақпараттық-насихаттау және алдын алу аясында жүргізілді.
Балалар Полиция департаментінің жанынан бірнеше жыл бұрын ашылған мұражайдың тарихымен танысып қайтты.
Оларға полиция қызметінің сонау милиция кезінен құрылған тарихымен танысу, түрлі бөліністердің жұмысына тоқталып, ішкі істер органы құрылған сәттен тарихтың шыңында тұрған ардагерлермен танысу, құжаттар мен фотосуреттерді тамашалау өте қызықты болды.
Сондай-ақ жедел-басқару орталығының жұмысын бақылады, жасалған қылмыстар туралы полицияға дереу хабарлау қажеттілігінің маңызы туралы түсінді. Өздерін бір сәт криминалист қызметкерлері рөлінде сезініп көрді.
Кинологиялық қызмет орталығында балалар кинологтардың жұмысымен жақынырақ танысып, иттерді дұрыс үйрету жұмыстарын көрді және қызықты деген сұрақтарына жауап алды.
Кездесу соңында балалар өткен экскурсия туралы пікірлерімен бөлісті.
Балалар полиция қызметі қауіпті де қызықты, жауапкерлішілікті талап ететін қызмет екенін түсінді. Десе де, болашақта тәртіп сақшылары қатарынан көрінгілері келетіндерін жеткізді.
БҚО ПД баспасөз қызметі