Батыс Қазақстанда 2 ер адамды полиция қызметкерлері судың ортасынан дер кезінде эвакуациялады, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.
Бүгін Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасовтың басшылығымен су басқан аумақтарды толықтай тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында 2 саяжай маңында үлкен судың ортасында қалып кеткен екі азамат анықталып, жағаға, қауіпсіз жерге шығарылды.
zhaikpress.kz