8.10.2025, 10:30
Оқылды: 79

Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтардың нысанына автокөлік иелері іліге бастағандығы туралы ескертті

Соңғы уақытта түрлі елдерде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жалған айыппұлдар жіберуге байланысты интернет-алаяқтықтың жаңа түрі тіркеліп отыр, - деп жазады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
_gluster_2025_10_8_a84ac7c2d3bc52a7a91cf650727a78df_1280x720
Сурет: gov.kz
 - Қаскөйлер автокөлік иелеріне электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хаттар мен хабарламалар жібереді. Онда жүргізушінің жеке деректері, көлік нөмірі және "айыппұлды төлеуге арналған" сілтеме көрсетіледі. Алайда бұл – фишингтік шабуыл. Егер адам банк картасының деректерін енгізсе, алаяқтар оның есепшотына қол жеткізеді. Кей жағдайларда сілтемелер арқылы жеке деректерді ұрлайтын вирустар да таралады. Мұндай шабуылдар АҚШ пен Ресейде тіркелген, ал енді олардың Қазақстанда таралу қаупі бар, – деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.
Полиция еске салады: ресми айыппұл туралы хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келеді және ешқашан төлем жасауға арналған сілтемелерді қамтымайды. Айыппұлдарды egov.kz, qamqor.gov.kz сайттарында немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады.

Егер Сізге күмәнді хабарлама келсе:

• сілтемелерге өтпеңіз және тіркелген файлдарды ашпаңыз;

• ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз;

• егер карта деректерін енгізіп қойған болсаңыз – дереу картаңызды бұғаттап, банкке және полицияға "102" нөмірі арқылы хабарласыңыз. Сақ болыңыздар және жақындарыңызды да ескертіңіздер!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале