"Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады", – деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.
Фото: polisia.kz
Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды.
Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді. Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау).
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.