Бүгін сағат 5:20 шамасында Орал қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Исатай-Махамбет көшесінде "Lexus 570" маркалы автокөлікті тоқтатты.
Фото: БҚО полиция департаментінен
Жүргізуші патрульдік автокөлікке барғаннан кейін Lexus автокөлігінің ішінде отырған жолаушысы рульге отырып, қаша жөнелген, деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ол Абай мен Исатай-Махамбет көшелерінің қиылысында жасырынуға тырысып, көлікпен үйге соғылып, газ құбыры мен екі электр бағанасын бұзған.
Оқиға салдарынан "Lexus" автокөлігінің жүргізушісі сол жерде қайтыс болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
zhaikpress.kz