15.02.2023, 18:30
Оқылды: 23

Полицияның көші-қон қызметі жыл басталғалы 18 адамның құжатын рәсімдеді

Көші-қон қызметі бөліністерінің басты міндеттерінің бірі – тұрғындардың жеке куәліктерін уақытында рәсімдеу.

b6e1a3c8-b175-4284-a482-b02a7178014b

Фото: БҚО полиция департаментінен

Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру тек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жүзеге асырылмайды.

Сонымен қатар ол жерге өздіктерінен жете алмайтын егде жастағы қариялардың, мүгедектігі бар жандардың құжаттарын үйлеріне немесе әлеуметтік мекемелерге (қарттар үйі) барып рәсімдеу қарастырылған.

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, аудандық полиция бөлімдерінің көші-қон қызметі тобының инспекторлары әрбір ауылға барып аталған санаттағы тұлғалардың құжатын рәсімдейді.
2022 жылы мұндай қызмет 302 адамға көрсетілсе, 2023 жылдың 15 ақпанына дейін 18 адамның құжатын рәсімдеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале