10.02.2022, 12:00
Оқылды: 73

Польша ЕО қорынан бөлінетін миллиондаған қаражатынан айырылуы мүмкін

Еурокомиссия Польшаға салынған айыппұл сомасын ЕО берілетін қаржыландыр көзінен ұстап қалмақ. Брюссель Варшаваны Еуропа сотының шешімін орындамағаны үшін осындай жаза қолданатын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

220210092449738e

Чехияның талабы бойынша ол Польшаны екі елдің шекарасынан бірнеше шақырым жерде орналасқан «Туров» көмір кеніші келтіріп отырған экологиялық зардаптарға байланысты жабылмайынша, күн сайын 500 мың еуро төлеуге міндеттеді. Комиссия Польша билігін Еуроодақ қорынан 15 миллион еуроны шегеру процедурасы он жұмыс күні ішінде басталатынын хабарлады. Варшава бұған жауап ретінде бұл шешімге наразылық білдіретінін және төлем жасамайтынын айтты, өйткені «бұл үшін заңды немесе нақты негіз жоқ».

Дүйсенбіде Польша президенті тараптар арасындағы шиеленісті шешу мақсатында келіссөздер жүргізу үшін Бельгия астанасына келді. Кезінде Польша Еуроодақтың талабын орындайтынын және Жоғарғы Соттың Тәртіптік палатасын тарататынын қазірдің өзінде мәлімдеген. Оның кесірінен Еуропалық комиссия Польшаны күніне бір миллион еуро көлемінде тағы бір айыппұл төлеуге міндеттеді. Бірақ қазір Брюссель Варшавадан елде әділеттіліктің негізгі принциптері сақталып отырғанының басқа дәлелдерін талап етіп отыр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале