31.08.2022, 12:15
Оқылды: 39

Португалияда Еуропадағы ең үлкен динозаврдың қаңқасы табылды

2017 жылы Португалияның Помбал қаласында тасқа айналған сүйектің сынықтары табылды. Оны зерттеу бірнеше жылға созылды. 2022 жылдың тамыз айының басында ғалымдар үлкен динозаврдың қаңқасын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

fa3e3e7782f941eebe8054406b867705

 Динозавр зауроподтарға – төрт аяқты шөпқоректі динозаврлар тобына жатады, олардың ерекшелігі ұзын мойны мен құйрығында. Табылған динозаврдың биіктігі 12 метрге, ұзындығы 25 метрге жетті, – деп жазды Phys.org.

Сонымен қатар палеонтологтар қаңқаның жоғарғы юра шөгінді жыныстарынан табылғанын және оның жасы шамамен 150 миллион жыл екенін атап өтті.

Мұндай жануардың бастапқы анатомиялық орнын сақтауы былай тұрсын, барлық қабырғасын табудың өзі таптырмас жаңалық, - деді Лиссабон университетінің қызметкері Элизабет Малафая.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале