29.04.2021, 10:03
Оқылды: 42

Португалиямен байланыс орнады

Сәрсенбі күні өңірімізге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Португалиядағы құрметті консулы, «Andregial», «Resumesferico», «Diside Group» секілді ірі кәсіпорындардың бас директоры Жиль Фернандо Тайниа Виейра келді. Облыс әкімі Ғали Есқалиевтың қатысуымен өткен басқосуда екі елдің өзара қарым-қатынасын нығайта түсу жайы, сауда-экономикалық және инвестиция тарту мәселелері талқыланды.

941224CC-AF0D-4DAD-8369-40D2276853B8

Сондай-ақ аталған басқосуға облыс әкімінің бірінші орнынбасары Мұхтар Манкеев, екі мемлекет арасындағы жобалардың қазақстандық жетекшісі Ерлан Мұратов, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, «НК «Kazakh Invest» АҚ-ның өңірдегі басшысы Нұржан Өтепбаев,  «СПК «AQJAIYQ» АҚ-ның төрағасы Әлімжан Тохтасынов пен бірқатар мекеме басшылары қатысты.

AF0E69DC-CF2C-4388-B599-CEDE3E36E0B4

Басқосуда сөз алған Ж.Виейра бұған дейін де еліміздің бірқатар өңірлерімен тығыз қарым-қатынас орнағанын, сол ынтымақтастықты одан әрі дамытқысы келетінін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

-Бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерін аралап, экономика, саясат, сауда-саттық, мәдениет, ғылыми білім беру, туризм секілді салалар бойынша екі елдің өзара байланысын нығайту мақсатында жұмыстар атқарып жатырмыз. Португалия елі күні бүгінге дейін Еуропа, Африка, Ангола, Мозамбик Республикасы секілді ірі мемлекеттермен жақсы қатынас орнатып үлгерді. Біртіндеп Орталық Азия нарығына да кіре бастадық. Біз Қазақстанмен ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар, денсаулық сақтау салалары бойынша бірлесіп, жұмыс жасауға ниеттіміз. Бүгінгі сапарымыздың да басты мақсаты – Батыс Қазақстан облысымен жан-жақты танысып, мемлекеттік-жекеменшік және сауда саласы бойынша екіжақты келісімге келу жолдарын қарастыру,- деді Ж.Виейра.

Кездесу барысында Протугалия елімен сауда-саттықты дамыту, инвестициялық жоболар бойынша бірлесіп жұмыс жасау жайлары талқыланды. Екіжақты экономикалық келісім негізінен - энергетика, электроника, ауыл шаруашылығы, тамақ өндірісі, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп және инфрақұрылымдық құрылыстар бойынша дамымақ.

IMG-20210428-WA0006

-Португалия – біздің өңір үшін жаңа нарық болып табылады. Аталған елмен бұрын соңды бірігіп жұмыс жасамадық. Біздер бұл елдің инвесторларына кәсіптерін одан әрі дамыту үшін облыс аумағынан арнайы орын ұсынамыз. Өңірге келіп, өз жобаларын жүзеге асырғысы келетін инвесторларға жер беріп, инфрақұрылыммен қамтып, жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз,- деді облыс әкімі.

IMG-20210428-WA0007

Екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуды көздеп келген консул облыстың әлеуетін толықтай зерделеген соң тың инвест жобаларды ұсынуға дайын екендігін жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі күні аталған мемлекетке біздің елден мақта, мұнай мен қара темір экспортталуда. Ал Португалиядан Қазақстанға дәрі-дәрмек пен әртүрлі құрылғылар, электр машиналары, су көліктері әкелінеді.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале