28.10.2025, 11:15
Оқылды: 43

Премьер-министр: Цифрландыру энергия тиімділігін арттырып қана қоймай, бүкіл саланың сенімді жұмысын қамтамасыз ететін негізгі құрал болуы тиіс

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша экономиканы цифрлық трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде энергетика саласына цифрлық технологияларды енгізу мен қолданудың маңыздылығын атап өтті.

5190660821703849301

«Цифрландыру – энергия тиімділігін арттырып қана қоймайды, ол бүкіл саланың сенімді жұмысын қамтамасыз ететін негізгі құрал. Сондықтан цифрлық трансформациялау белгіленген мерзімдерге сай, мүдделі барлық мемлекеттік органдар мен құрылымдар арасында нақты үйлесімді түрде жүргізілуі тиіс. Біздің мақсатымыз – энергетикада және жалпы экономикада шынайы әрі сапалы өзгерістерге қол жеткізу», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале