Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды.
Олардың арасында «Expo Masters» ЖШС менеджері Тілеужан Ахметханов, «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі Гюнай Шюкрю, «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі Эльдар Исмаилов, «GASK Construction» ЖШС автокран операторы Халил Йерделен, «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі Кенан Мамедов, «Frank-Asia» ЖК автокран операторы Вадим Романов бар.