31.12.2025, 15:45
Оқылды: 49

Президент 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия беру туралы өкімге қол қойды

Құжатқа сәйкес жыл сайынғы мемлекеттік стипендия тағайындалатын тұлғалардың дербес құрамы бекітілді, - деп жазады Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

_gluster_2025_12_31_99d37f6a8e54ca10dc7bba76bd6dcb9d_1280x720

Биыл мемлекеттік стипендияны 75 әдебиет және өнер қайраткері иеленді. Бұл мәдениет, өнер саласының дарынды өкілдерін ынталандыру, олардың кәсіби қызметіне серпін беріп, жаңа жобаларды іске асыру мақсатында көрсетілген мемлекеттік қолдау.

Әдебиет қайраткерлері қатарында Олжас Сүлейменов, Төлен Әбдікұлы, Марфуға Айтқожа, Мырзатай Жолдасбеков және басқа да ел руханиятына үлес қосып жүрген өзге де азаматтар бар.

Мемлекеттік марапат өнер қайраткерлерінің ішінен әнші, актер, режиссер, музыкант және суретшілерге берілді. Атап айтсақ, Бибігүл Төлегенова, Қайрат Байбосынов, Меруерт Өтекешева, Самал Еслямова, сондай-ақ еліміздің заманауи мәдениетін әлемге танытып жүрген бірқатар жас қаламгерлер мен әртістер стипендия иегері атанды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале