19.09.2023, 9:30
Оқылды: 11

Президент Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады.

50D7935D-0DA2-45D1-9BD3-DEA398EF1E44

Спортты дамыту дирекциясы

– Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін, – деді Президент.

Ризабек Айтмұқан 92 келі салмақ дәрежесінде еркін күрестен алғаш рет Әлем чемпионы болды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале