17.04.2025, 17:30
Оқылды: 161

Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты хабарлады. 

dsc-4051-3_mediumThumb

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Президент митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале