"AMANAT" партиясы Орал қалалық филиалы жанындағы қалалық штаб мүшелері мен белсенділер Конституциялық түзетулерді түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан марапатқа ие болды.
Марапат алушылардың қатарында қалалық штабтың құрамына кірген мәслихат депутаттары, партияны жақтаушылар, қоғамдық кеңес мүшелері бар.
Қазақстан Президенті алғысхатта партиялықтардың Конституциялық реформаны табысты жүзеге асыруға белсене қатысқаны және қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар салтанатты іс-шараға қатысушылардың басым бөлігі партия Төрағасы Ерлан Қошановтың және атқарушы хатшы Асхат Ораловтың атынан да алғысхаттар алды.
"AMANAT" партиясының Орал қалалық филиалы