11.03.2022, 12:00
Оқылды: 35

Президент БАҚ көтерген өзекті мәселелер бойынша үнемі тапсырмалар беріп отырады – Ақорда

Ақорданың Telegram-каналында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақты түрде оқитын басылымдарға видеошолу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220311090525815e

Мемлекет басшысы тұрақты оқитын отандық және шетелдік басылымдар арасында: «Egemen Qazaqstan», «Айқын», «Астана ақшамы» газеттерін оқимын. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Түркістан», «Жас Алаш», «Деловая неделя», «Время», «Казахстанская правда», «Литер», «Аргументы и факты», «Комсомольская правда» газеттері, «The Economist» журналы бар.

«Мемлекет басшысы БАҚ көтерген өзекті мәселелер бойынша үнемі тапсырмалар беріп отырады», - делінген Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінде.

Еске салайық, Қ.Тоқаев мерзімді баспасөзді үзбей қарайтынын «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында айтқан болатын.

«Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым. «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Астана ақшамы» газеттерін оқимын. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Түркістан» газеттерін де міндетті түрде оқып тұрамын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін. Әлеуметтік желідегі өткір жазбаларды да үнемі шолып отырамын. Ал, теледидардан жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды көремін», - деген еді Қазақстан Президенті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале