8.02.2022, 10:50
Оқылды: 26

Президент берген 108 тапсырманың 44-і орындалды

 ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің Қаңтар оқиғасынан кейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220208112630990e

«Қаңтар айында болған қайғылы оқиғалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына түзетулер енгізді. Әлеуметтік-эконмикалық және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында осы жылдың басынан бастап сіз Үкіметке шұғыл және жүйелі 108 тапсырма бердіңіз. Бүгінгі таңда 44 тапсырма орындалды», - деді Әлихан Смайылов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-жоспар аясында елдің барлық аймақтарында қоғамдық тәртіп қалпына келтірілген.

«Коммуналдық қызметтердің бағалары мен тарифтерінің өсуіне жарты жылға мрораторий енгізілді. Жанар-жағармайға және газға шекті бағалар белгіленді. Үкімет жанындағы отандық кәсіпкерлер кеңесі құрылды. Утилизациялық алымлдар мемлекетке берілді. 100 процент мемлекеттік ұйым «Жасыл даму» акционерлік қоғамы жауапты оператор болып айқындалды», - деді Үкімет басшысы.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале