27.04.2023, 11:45
Оқылды: 43

Президент бірқатар азаматты марапаттады

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысында Мемлекет басшысының Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бір топ азамат марапатталды.

828d50fe-15e4-4775-8694-c96a201e6890

IІ дәрежелі «Достық» орденімен:

1. Ким Гера, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Азия зерттеулер институтының директоры;
2. Ким Константин Станиславович, «Коре ильбо» республикалық газетінің бас редакторы.

«Құрмет» орденімен:

1. Бугинас Бронислав Казисович, «Lituanica» литвалықтар ҚБ мүшесі;
2. Микаелян Наринэ Гамлетовна, «Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» РҚБ төрағасының орынбасары.

«Шапағат» медалімен:

1. Кан Алина Александровна, «Сөйле» тілдесу клубының қазақ тілінің оқытушысы;
2. Останькович Дмитрий Валерьевич, «Радима» беларусь мәдени орталығы» ҚБ төрағасы;
3. Тумгоев Юсуп Лом-Алиевич, «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы» ЗТБ мүшесі.

Сонымен қатар Костенко атындағы шахтаның тау-кен жұмысшысы Даниель Дильге, блогер Иван Червинскийге және Қазақстан халқы Ассамблеясының Франциядағы достық елшісі Оборон-Туар Малгожатаға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале