6.04.2025, 10:30
Оқылды: 135

Президент кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.

3e45f230-b689-462d-b860-736f1aeea464Фото: Нұрғали Жұмағазы

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арнасында хабарлады.

— Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті. Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, бүгін «Барыс Арена» мұз сарайында отандық және шетелдік бокс жұлдыздарының қатысуымен үлкен тарихи бокс кеші өтіп жатыр.

Кештің басты жекпе-жегінде ел тарихында алғаш рет IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз белбеуін Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингеге (14-0, 9 КО) қарсы қорғайтыны хабарланды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале