6.11.2024, 10:00
Оқылды: 49

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция сапары туралы пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция сапары туралы пікір білдірді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

IMG_0900

Сурет: Ақорда

– Францияға мемлекеттік сапарым кезінде көрсетілген ыстық ықыласқа ерекше тәнті болдым. Мазмұнды келіссөздердің қорытындыларын жоғары бағалаймын. Маған және барша Қазақстан халқына білдірген құрметі үшін Президент Макронға шынайы алғысымды айтамын. Франция көшбасшысын келер жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырдым, – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале