11.04.2025, 13:00
Оқылды: 185

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына келді

Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық даму тынысымен танысады.

a74eae5a-0f86-4352-b07d-8d2b4ee40878 Алдымен, Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты.

e0be8fad-f54a-48bc-89ed-ef81e61f0a92

Мемлекет басшысының қаланы дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында салынған әуе айлағының құрылысына жеке инвестор 24 миллиард теңге қаражат жұмсаған.

709c7d02-e3c6-49ba-91e2-fedaf3542928

Президентке Қазақстанның оңтүстігінде бірегей авиациялық хаб қалыптастыру өңірдегі әуе қатынасының бағыт санын 17-ден 59-ға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ Еуропа мен Азияның бірқатар еліне рейстер ашуға мүмкіндік беретіні жөнінде баяндалды.

e0be8fad-f54a-48bc-89ed-ef81e61f0a92

Дереккөз: aqorda_resmi

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале