21.01.2022, 15:40
Оқылды: 41

Президент: Қолымызда салықты толық төлеуден жалтарып отырған алпауыттар жөнінде мәліметтер бар

Ірі компаниялардың салық төлеуі – күрделі мәселе. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4

Мемлекет басшысы еліміздің бизнес өкілдерімен кездесуі барысында ірі кәсіпорындардың салық төлеу және есеп беру мәселелерін ретке келтіру қажеттігі туралы айтты.

«Ірі компаниялардың салық төлеуі – күрделі мәселе. Қолымызда түрлі себептерді сылтауратып, салықты толық төлеуден жалтарып отырған алпауыттар жөнінде арнаулы органдар ұсынған мәліметтер бар. Премьер-Министрге осы мәселені түбегейлі шешуді және қазынаны тиесілі қаражатпен қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале