30.03.2023, 10:45
Оқылды: 41

Президент Мәжілістің жалпы отырысына қатысып жатыр

Дәл қазір Мәжілістің жалпы отырысы өтуде.  Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына Президент қатысып жатыр. 

radmin_news_2023_03_30_230330114250a4051270d_w860_h580

 

Фото: ҚазАқпарат

«Конституцияның 70 бабына сәйкес Мәжілістің ж аңадан сайлануына байланысты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты. Осы ретте Үкіметтің атқарған жұмысына қысқаша тоқталғым келеді.

Біз соңғы жылдары жаһандық және жалпыұлттық ауқымдағы көптеген қиындықты бастан өткердік. Үкімет күрделі кезеңдегі жаңа талапқа тез бейімделді. Сол арқылы экономиканың тоқырауына жол берген жоқ. Жұмыс орындарын қысқартпай, сақтап қалды. Шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2 пайызға өсті.

Халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелер уақтылы және толығымен орындалды. Мұның бәріне билік тармақтарының бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында қол жеткіздік. Осы ынтымақтастықты нығайта беру керек», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале