3.01.2025, 16:43
Оқылды: 40

"Президент өз сұқбатында жастарды қолдайтынын жеткізді"- Толқын Әмірханқызы

- Бүгін, 3 қаңтар күні жарияланған "Ана тілі" газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген мәселе бойынша сұхбат берген болатын. Соның ішінде жастар мәселесіне де айрықша тоқталып өтті. Жастардың шетелге білім алу немесе жұмыс істеу мақсатында шығуына қатысты ойларын тереңінен ашып көрсетті. Президент шетелде білім алудың немесе жұмыс істеудің артықшылықтарын атап өтіп, мұндай тәжірибелердің жастардың дүниетанымын кеңейтіп, кәсіби біліктілігін арттыратынына ерекше мән беретінін айтты.

IMG_7240

Қазақстанның "Болашақ" бағдарламасы арқылы халықаралық білім беру саласында жастарға қолдау көрсетіп отырғанын және олардың елге оралып, өз білімдері мен тәжірибелерін туған жердің игілігіне жұмсауының маңыздылығын баса айтады. Сонымен бірге шетелде жүргенде өз мәдениеті мен дәстүрлерін дәріптеп, Қазақстанның беделін арттыру керектігін де айтып өткен болатын.

Мемлекет басшысы жастардың көшіп-қонуы қалыпты құбылыс, бірақ ең бастысы – Қазақстанның білікті мамандарының елде еңбек етуіне жағдай жасау, бұл үкіметтің негізгі міндеті болып табылатындығын деп атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале