26.04.2022, 13:00
Оқылды: 82

Президент сынынан кейін QAZAVTOJOL БҚО филиалының директоры жұмыстан босатылды

Батыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстарының кешігуіне байланысты «QAZAVTOJOL «ҰК» АҚ және ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің бірқатар қызметкерлері жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

WhatsApp Image 2022-04-26 at 10.54.33

«Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін «QAZAVTOJOL «ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев жұмыстан босатылды. Бұдан басқа, әкімшілік сипаттағы шаралар QAJ орталық аппараты мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің басшылықтағы бірқатар қызметкерлері мен мамандарына қатысты қолданылды»,-делінген хабарламада.

Бұған дейін аталған себептерге байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қызметінен шеттетілген болатын. Президент ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар проблемасы бойынша Үкіметке және аймақ басшысына тапсырмалар жүктеген еді

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале