14.12.2022, 11:46
Оқылды: 2

Президент тапсырмасы орындалмаса дереу кадрлық шешім қабылданады - Смайылов

Әр министр өз саласы бойынша тапсырмалардың 100 пайызға орындалуына кепілдік беруі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5

«Биыл біз күрделі геосаяси жағдайға байланысты бірқатар қиындыққа тап болдық. Бұл бағаның өсуіне, инфляцияға, экономикалық дамудың бәсеңдеуіне әкеліп соқты. 2023 жылы бізді жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдер күтіп тұр. Сондықтан, біз Президенттің сайлауалды бағдарламасы мен тапсырмаларын сапалы іске асыру үшін барынша күш салуымыз керек. Сондай-ақ, біз форс-мажор жағдайларға барынша тез әрекет етуіміз қажет», - деді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайыловтың атап өтуінше, әр министр өз саласы бойынша тапсырмалардың 100 пайыз орындалуына кепілдік беруі тиіс. Ал, әрбір әкім жергілікті жерлерде әлеуметтік-экономикалық мәселелердің сапалы шешілуін қамтамасыз етуі керек.

«Мен цифрлық жобалық офис аясында барлық бағдарламалардың, жобалар мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын тұрақты түрде бақылайтын боламын. Мерзімінде орындалмаса немесе орындалу сапасы нашар болса, дереу кадрлық шешімдер қабылданады», - деді Премьер-Министр.

 

Фото: primeminister.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале