29.01.2022, 22:30
Оқылды: 40

Президент терроршыларға оқ ату бұйрығына қатысты сұраққа жауап берді

Қаңтар оқиғасы кезінде мемлекеттің мүддесі, біздің азаматтардың қауіпсіздігі мәселесі жоғары тұрды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасына сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Телеарнадағы сұхбат кезінде Президентке терроршыларды ескертусіз атуға қатысты бұйрығы туралы сұрақ қойылды.

B57182ED-C11A-477A-8E17-CD15FFE18772

«Осы жағдайда құқық қорғау органдарының іс-қимыл жоспарының бірыңғай алгаритмі болмады. Ашығын айту керек, тәртіпсіздік болды. Құқық қорғау органдарының басшылары өздеріне жауапкершілік алудан қауіптенді. Мен оларға Рокоссовский немесе Жуковтың әрекетін мысалға келтірдім, яғни олар күн сайын Сталиннен қандай да бір іс-қимылдар үшін рұқсат сұраса, олар соғыста жеңіске жетер ме еді? Бұл жағдайда өздеріне жауапкершілік алу керек болды. Біздің заңдар осылай болып тұр, Жаңаөзендегі оқиғадан кейін дәл осындай жағдайларда құқық қорғау органдарын еркіндігі жоқ ахуалға түсіретін заңдар қабылданды. Сондықтан жаппай мәлімдемеге дейін қарулы бандиттерге оқ ату керек екенін айтып, жауапкершілікті өзіме алдым. Ал үндеу жасаған кезде бұл мәселені көпшілікке қайталап айттым», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жағдайда Президент өзіне жауапкершілік алуы керек екенін жеткізді.

«Мен кәсіби дипломатпын ғой, ахуалдың салдарын, дәл осындай реакция болатынын білдім. Атап айтқанда, мемлекеттің мүддесі, біздің азаматтардың қауіпсіздігі мен үшін жоғары тұрады. Бұл жағдайда батыс елдерінің реакциясын емес, өзіміздің мемлекеттегі жағдайды тәртіпке келтіруді ойладым», - деді Президент.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале