11.01.2022, 12:23
Оқылды: 4

Президент Үкіметтің жаңа құрамының алдында тұрған басты міндеттердің бірін атады

Бәсекеге қабілетті секторларды анықтау керек. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220106135233606e

Президент Үкімет бүкіл өнеркәсіп саласына терең талдау жұмысын жүргізуі тиіс екенін тапсырды.

«Шикізат қорын, құзыреттері мен экономикалық тиімділікті ескере отырып, бәсекеге қабілетті секторларды анықтау керек. Жүргізілген талдаудың негізінде, нақты жобаларды әзірлеп, инвесторларды тарту қажет. Бұл Үкіметтің жаңа құрамының алдында тұрған басты міндеттердің бірі», - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент «Самұрық-Қазына» қоры мен ондағы шетелдік мамандарды сынады. «Экономикалық өсім мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтумен тығыз байланысты. Бірақ жекешелендіру жүйелі және ашық жүргізіліп жатқан жоқ. Атап айтқанда, бәсекелестік ортаға берілуі тиіс активтерді іріктеу тәсілдері айқындалмаған. Оны шұғыл әзірлеу қажет», - деді Мемлекет басшысы .

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале