8.09.2025, 11:18
Оқылды: 224

Президент Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды тапсырды

Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Дәл қазір Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жолдауда.

президент

Фото: видеодан скрин: jjtv.kz

-Қазақстан 3 жыл ішінде цифрлық елге айналуы керек,- деді Президент Тоқаев.

Президент Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды тапсырды.

Жаңа министрлікті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек.

Президенттің айтуынша, Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлық ел болуы керек.

Айта кетелік Бұл - Президенттің 8-ші Жолдауы. Мемлекет басшысы Жолдауларын жыл сайын қыркүйек айында, Парламенттің жаңа сессиясының ашылу рәсімінде жасап келді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале