20.01.2023, 12:44
Оқылды: 41

Президент журналистерге қарсы бағытталған қылмыстарды мұқият тергеуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша тергеуді мұқият жүргізуді тапсырды.

E3DD55D1-0601-45DD-A5C5-C5EB86FC1FF3

Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды.

Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс», - деп жазды Руслан Желдібай.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале