18.09.2019, 11:55
Оқылды: 75

Президенттік жастар кадр резерві – белсенді жастарға берілген мүмкіндік

БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері турасында айтып өтті.

6a710d8f-2139-47fc-b308-627718c95abb

Брифинг барысында спикер резервке тұруға үміткер жастарға қойылатын негізгі талаптарға тоқталып өтті.

-Белгіленген талаптарға сай жасы 35-тен аспаған, білімі және жалпы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес, Қазақстан Республикасының азаматтары аталған резервке үміткер бола алады. Креативті, дарынды жастарымыздың кейбірі шетелде жүргенін жақсы білеміз. Сондықтан, конкурсқа еліміздің жастарымен қатар, шетелде тұрып жатқан Қазақстан Республиканың жас азаматтары қатысуға құқылы. Жастар кадр резервіне өту – бұл міндетті түрде лауазымға тағайындалуға кепіл болмайды және іріктеуге Президентпен тағайындалған қазіргі саяси қызметшілер қатыса алмайды. Аталған жастар резервіне өткендер саяси және жоғары әкімшілік лауазымдарға, ұлттық холдингтар мен компаниялардың жоғары басқарушы лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік алады.Әр лауазымның ерекшелігі ескеріліп, бірнеше топтарға бөлінеді, - деді Ғалым Сұлтанұлы.

Департамент басшысының айтуынша, 1 қыркүйектен бастап резервтің ресми сайты pkrezerv.kz іске қосылған. Онда үміткерлер тіркеліп, өз құжаттарын тапсыра алады. Агенттіктің интернет-ресурсында және республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында іріктеуге өтініш қабылдау басталғаны жөнінде хабарландыру жарияланған.

Сондай-ақ спикер потенциалды резервшілерді іріктеудің әр кезеңіне тоқталып, өз халқына адал қызмет етуге дайын, дарынды әрі білімді және тәжірибелі жастарды «Президенттік жастар кадр резервіне» іріктеуге қатысуға шақырды.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале